Бүгінде аудан орталығындағы Тайсойған №10 және Қонаев көшесіндегі №7, №9, №11 үйлерде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Қазір Қаражанов және Қонаев көшесіндегі №10 үй қайта жаңартылуда.
- Жоба аясында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, темір профильмен жабылады. Қасбеттері әрленіп, үйдің сырты толықтай қапталады. Су ағар жүйесі орнатылып, іргетасына периметрі бойынша бетон жолақ құйылады, - деді аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.
Жобадағы жұмыстарды жергілікті «Индер Строй Групп» мердігер мекемесі жүргізуде.
Айта кетейік, 2021 жылы Индербор кентіндегі 11 үй, 2022 жылы 6 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.