Индербор кентінде үш спорт алаңы салынды

Бұл туралы AtyrauPress Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Индербор кентінің үш жерінен, атап айтсақ орталық мешіттің маңындағы М.Горький көшесі, Шығыс мөлтек ауданы Р.Қошқарбаев көшесі және Болашақ мөлтек ауданы Мүсірепов көшесі бойынан жаңадан спорт алаңының құрылыс жұмыстары жүруде. 

- Шілде айында басталған құрылыс жұмыстары аяқтала келді, нысанды қабылдау жүргізілуде. Мердігер мекеме «ЖайықСити» ЖШС. Алаңдар шағын футбол, балалар ойын алаңымен және Street Workout құрылғыларымен жабдықталған. Әрбір алаңның көлемі 1 376 шаршы метр. 
Осы аталған жобаларымыз іске асқан жағдайда Индербор кентінің барлық мөлтек аудандарының өз спорт алаңдары пайда болып, жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік туады, - деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Габдуллин. 

Айта кетейік, Индер ауданында 32 830 халық болса, Индербор кентінде 15 968 тұрғын бар.