Индер тұрғындары бизнес негіздерін тегін үйренуде

«Бастау Бизнес» оқыту курсына Индер аудан бойынша 126 адам қатысып, арнайы сертификат алды.
– Ақылы қоғамдық жұмысқа 457 адам тартылды. Қоғамдық жұмысты аяқтаған 250 адамның 94-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жаңа жоба шеңберінде алғашқы жұмыс орнына 9 адам, күміс жас жобасына 8 адам, ұрпақтар келісім шарт жобасына 1 адам жұмысқа жолданды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жастар мен көп балалы аналарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытында республикалық бюджеттен 40 азаматқа 49 млн теңге мемлекеттік грант берілді. «Бастау Бизнес» оқыту курсына аудан бойынша 126 адам қатысып, арнайы сертификат алды,- деді Д.Шамұратов.