Дарын Шамұратов көктемгі су тасқыны кезінде дайындығы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша Жарсуат және Құрылыс елді-мекендеріндегі қорғаныс бөгеттерінің жай-күйімен танысып, зерделеу жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, соңғы рет 1994 жылы жөндеу жүргізілген бөгеттердің кейбір жерлерінен топырақ алынып ашылса, көптеген учаскелері топырақтың шөгуі салдарынан отырған. Төтенше жағдайлар департаментінің нұсқамасына сай аталған бөгеттер көтеріп, қайта жөндеуді қажет етеді.
Жарсуат және Құрылыс ауылдарындағы қауіпті аумаққа 10500 метр бөгет кіреді. Қауіптің алдын алу мақсатында аталған ауылдардағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттар жасалынып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүруде. Мердігер мекеме анықталысымен жұмыстар басталатын болады.
Мира Нұртаева