Индер ауданында спорт және ойын алаңдары салынады

Биыл Елтай, Бөдене ауылдық округтерінен 160 орындық спорт кешенін салуға жобалық сметалық құжаттары жасалуда. Жоба аяқталысымен қаржыға сұраныс беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт елді-мекенде спорт және ойын алаңдарының құрылысына қаржы бөлініп, мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталды. Жоспар бойынша биыл Елтай, Аққала, Құрылыс, Көктоғай ауылдарынан спорт және балалар ойын алаңдары салынбақ.  

«2023 жылы «Көктем» қазақ орта мектебі мен М.Әуезов орта мектебінің жанынан спорт  алаңының құрылысы басталса, Индербор кентінің 3 жерінен жаңа ойын алаңы ашылып, Алғабас және Махамбет көшелеріндегі ескірген ойын алаңдары қалыпқа келтірілген еді», деп хабарлады Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мира Нұртаева