Аудандық мәдениет үйінде Есенжол Домбаев атындағы халық театры Мұхтар Мағауиннің "Бір уыс бидай" атты шағын әңгімесі желісінде сонау ашаршылық жылдардағы халқымыздың басынан өткен қасіретті көрсететін спектакльді аудан халқының назарына ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қойылымда бүкіл ұлттың басынан өткен трагедиясы көрсетілді. Сол кездегі "шолақ белсенділердің" өзі, аштық жалмаған халықты одан сайын қанап, соңғы бір уыс бидайын да тартып алуы, аштықтан тышқан асып жеген адамзаттың кейпі көрерменге ой салды.
Көрермен залында ине шаншар орын болмай, бірқатары дәлізде тұрып тамашалады. Оның басым көпшілігі жастар екені қуантады.