Индер ауданында ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 13 мың тоннадан асты

Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл Индер ауданында жалпы өнім көлемі 14 млрд 41 млн теңгеге жеткен. Бүгінде жалпы төрт түлік 155 мың 600 басты құрап, 3,5 пайызға өскен. Ірі қара мал 25 932, қой мен ешкі 112 842, жылқы 12 617, түйе 4 204 басты құрап отыр.



- Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 13 мың 84 тоннаға жетті. Оның ішінде ет 5327 тонна, сүт 8245 тонна, жұмыртқа 324 мың дана өндірілді. Дақыл көлемі 50 гектарға немесе 3,3 пайызға артып, 50 шаруа қожалығы мен жеке секторды қоса алғанда барлығы 1630 гектар егін егіліп, алған өнімнің көлемі 27347 тоннаға жетіп отыр. Ауылшаруашылығы бағытындағы 21 шаруашылық құрылымдарына 164 млн 948 мың теңгенің субсидиясы төленді.
Сондай-ақ Көктоғай ауылдық округіндегі 80,5 шақырым болатын «Ақсай» суару суландыру жүйесіне тереңдетіліп қазу, күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Канал бойында 15 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 15 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.
«Бағырлай», «Қурайлы сай» суару-суландыру жүйесіне жобалық-сметталық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі кезде «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорының теңгеріміне берілді. 2023 жылы аталған каналдардың құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу жұмыстары республикалық бюджеттен қарастырылатын болады,
- деді Д.Шамұратов.



Аудан әкімінің сөзінше, ауданда ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту мақсатында 2021-2022 жылдар ішінде 4 жобаны құру көзделген. Олардың біріншісі – 40 тонна сыйымдылығы бар көкөніс сақтау қоймасы. Екінші – 150 тонна мал сою пункті. Үшінші – жобалық құны 800 млн теңге болатын бордақылау алаңы. Төртінші – жобалық құны 2 млрд теңгелік жылыжай кешені. Қазіргі таңда көкөніс сақтайтын қойма іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылып отыр. Қалған жобалар іске қосылған соң қосымша 60 адам жұмыспен қамтылмақ.