14 Қыркүйек, 2022 1279

Индер ауданына - жаңа әкім

 Индер ауданына - жаңа әкім

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Индер аудандық мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Ол – Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
​Айта кетейік, Дарын Шамұратов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша,​ Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі: 

Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы (02.2009-05.2009), Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (05.2009-12.2009), Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы (12.2009-09.2012), Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі (09.2012-25.10.2012), Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы (10.2012-08.2017), Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары (08.2017-04.2021) болды. Тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Аймақ басшысы Серік Шапкенов  жаңа әкімге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.