Индер ауданы әкіміне сөгіс берілген жоқ, партиялық шара алу ұсынылды

Атырау облысында Индер ауданы әкіміне «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс жариялау ұсынылған болатын.

Кейбір ақпарат құралдары бұл мәселені басқаша пайымдап, Индер ауданының әкімі Салауат Өтеғұлұлына сөгіс берілгені туралы ақпарат таратқан. Шындығында, күні бүгін басшыдан шара алынған жоқ.   Осыған байланысты партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов түсінік берді.

- Партия жарғысы бойынша Партия мүшелеріне шаралар тәртібі тиісті партияның саяси кеңес бюросына тиесілі. Бұл тұрғыда облыстық депутаттық фракция саяси бюроға ұсыныс қана бере алады. Ол үшін алдымен облыстық филиалдың саяси кеңес бюросының отырысы жоспарланады. Сол отырыстың күн тәртібіне шара алу мәселесі қойылады. Облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция отырысының хаттамасына  сәйкес саяси кеңес бюросына берілген ұсыныс қабылданып, бюро мүшелерінің берген дауысы арқылы партия мүшесі Салауат  Өтеғұлұлына шара алу анықталатын болады, деді Арман Азаматов.