Иманғали мешітінде жамағат жарыса айқайлаған видео тарады
Әлеуметтік желілерде көпшілік жиналып, мешітке келген имамға «Аллаһу әкбар» деп жарыса сәлем беріп, жарыса айғайлаған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғам белсендісі желіде имамға адамдардың осыншалық табына амандасуын, қателікке балады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болжам бойынша, оқиға Атыраудағы «Иманғали» мешітінде мүфтият имамы Нұрсұлтан Рысмағанбетұлын келгенде орын алған.
Өзінің Facebook парақшасында желі белсендісі Ғалым Байтук жағдайға қатысты пікірімен бөлісті. Айтуынша бұл имамның PR-имиджіне көп жұмыс істелгенін білдіреді.
«Егер бұл «жаңа кумирді» Сатыбалды және солар сияқтылар ұжым жасаған болса, бұл өте қорқынышты. Онда «өзіңді пұт етпе» деген өсиет бұрыннан бұзылғаны. Бұл кісінің бір сөзімен-ақ жаңа қаңтар орын алуы мүмкін» деп жазды Байтук.
Ол имамның осыншалықты табынатындай деңгейде танылуына Қазақстанның қазіргі үкіметінің қатысы болса, елдің жағдайы жақсармайтынын алға тартты.
«Егер ол бүлікшіл садақшыларды тыныштандыратын мәсіх болуы үшін жаратылған болса, онда кейін билікке қиын болады» деп түйіндеді ол.
Дайындаған: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ