Ілия Жақанов: "Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім"

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Атыраудағы №7 сайлау учаскесіне тіркелген тұрғындар таңғы сағат 7:00-ден бері үздіксіз дауыс беруде.

Олардың арасында жазушы, композитор, музыкатанушы, «Қазақстанның Еңбек Ері» орденінің иегері Ілия Жақанов бар, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  Ілия Жақанов жұбайы Тыйыш Алтаевамен бірге өз таңдауын жасады.

 - Тәуелсіздік тарихында өткен сайлауда өз таңдауымды жасадым. Осы науқанда біз бүгінгі және ертеңгі болашақ күніміздің дамуы мен жан-жақты өркендеуі, халқымыздың бақыты үшін осының барлығына аса жауапкершілікпен қызмет ететін кандидаттарды сайлауға келіп, дауыс беріп жатырмыз. Біздің қоғам әділетті, қуатты қоғам және мызғымас бірліктегі ынтымағы зор қоғам. Қазақстанның болашағы жарқын, сондай сәулелі, шуақты ел болуы үшін қария болсам да, сайлауға келіп тұрмын,-деді І.Жақанов.

  Атыраудағы №7 сайлау учаскесінде 2 916 сайлаушы тіркелген.