24 Маусым, 2023 982

Гүлзар суарған атыраулықтың басы дауға қалды


Жолды күтіп ұстау талаптарын орындамаған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы аумағында көлік жүргізушілерінің тарапынан құқықбұзушылықты анықтау, болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары күнделікті қызмет атқаруда. Осы ретте, Атырау облысы полиция депаратменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері уақытша жол белгілерін орнатпай жасыл кеңістіктерді суарған және жарықтандыру маяктарын қоспаған автокөлік иелерін анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Осы тұста, атыраулық полицейлер жол бойында жұмыс жасау барысында, Қазақстан Республикасы 2607-2015 «Жол жұмыстарын жүргізу орындарында қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары» Ұлттық стандартының талаптары сақталуы керектігін ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ