"Ғасырдың ғаламат ақыны" Атырауға келеді

Бұл туралы AtyrauPress хабарлайды.

Атырау облысының өнер сүйер қауымының назарына!

28 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған "Ғасырдың ғаламат ақыны" әдеби-сазды кеші өтеді.

Кеште театрландырылған көрініс қойылып, ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.

Келем деушілерге есік ашық. Кіру тегін.