"Геологта" жаяу жүргіншілер жолы пайда болмақ

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 24 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрамақ. Бұл туралы біз Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен білдік.

«Атап айтқанда, Геолог ықшамауданында - 6, Мираста - 10, Бірлікте - 8 көше. Биыл тамызда басталған жұмыстарды «Атырау Көлік» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Қазір «Мирас» ықшамауданындағы Қ.Мұнайтпасұлы, З.Көшалиев және Х.Алтай көшелерінде жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталып та кетті.

Фото: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі