Геолог, Мирас, Бірлікте тротуар салынуда

Атыраудағы Геолог, Бірлік, Мирас шағынаудандарының 24 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жоспарға сәйкес Геологта 6 , Мираста 10, Бірлікте 8 көшеге тротуар төселмек. Жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайды. Былтыр тамызда басталған жұмыстарды «Атырау Көлік» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл жұмыстар биыл аяқталатынын айтады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ