Есірткі шегіп, мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс орталығында  23-25 қыркүйек күндері аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 23 қыркүйек күні сағат 21:45 шамасында Азаттық даңғылы бойында Ваз маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді. Тәртіп сақшылары жүргізушінің есірткі қабылдағанын және мас күйде рульге отырғанын анықтады. Бұл  автокөлік жүргізушісіне жасалған медициналық сараптамадан соң белгілі болды.

30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Автокөлік арнаулы тұраққа жеткізілді.