31 Шілде, 2023 544

Ертең Атыраудың кейбір бөлігінде жарық болмайды


Қаланың кей аумақтарында бірінші тамыз күні жарық өшеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында электр энергиясын сөндіру жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтқанда:

- сағат 09.00-17.00 аралығында Еркінқала ауылы, Есқалиева к., Аманов к.,

«Привокзальный» шағынауданы 5, 16, 17 үй;

- сағат 10.00-17.00  аралығында Еркінқала ауылындағы  44,41,42,45 көшелерде; Наурызәлиев к.,

- 10.00-18.00 «Балауса» шағынауданы 1, 2, 20, 22, 25, 26, 30, 31, 32, 39, 44 к., Әбілхайыр хан к., Қ.Тілеумашев к.,

«Атырау Жарық» АҚ қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

 

Қасиет Бахкерейқызы

 

Тегтер: # Атырау # жарық сөнеді