Қаланың бірқатар аумағында электр желілерінде жүргізілетін күрделі жөндеулерге байланысты таңнан кешке дейін жарық болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress.
«Атырау Жарық» АҚ баспасөз қызметінің берген мәліметіне сәйкес, сағат 09.30 – 17.00 аралығында Ракуша ауылындағы Боқашев көшесінде;
Сағат 10.00 – 14.00 аралығында:
-Память Ильича ауылындағы Тыныбеков пен Нұрпейісов көшелері;
-Мұхитов, Жаңа құрылыс, Сейдіғалиев, Нұрмағамбетов, Түсіпқалиев, Қобыланды Батыр, Жантөрин және 6-көшелерде;
Сағат 10.00 – 17.00 аралығында:
-Алғабас ауылындағы Центральный, Қосыбаев, Молдашев, Ұлан, Зарослый ауылы мен ауыл округінде;
Сағат 10.00 – 18.00 аралығында:
-«Өркен» шағынауданындағы Ынтымақ, Алдар би, Игілік, 36-көшелерінде жарық болмайды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА