Ертең Атырауда жарық болмайды

Бұл туралы «Атырау Жарық» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.  

Мекеменің хабарлауынша, электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында осындай шара қабылданып отыр.

Атап айтқанда, сағат 09.00-17.00 аралығында - Еркінқала ауылы, Есқалиев, Аманов көшелері; сағат 10.00-18.00 аралығында - Жұмыскер шағынауданы Ақтау, Жастар, Фрунзе, Тәттімбет күйші (Проезд 3 көшесі), Панфилов көшесі, Четвертый өткелі, Абдрахманов көшесі, Қызыл балық ауылы Ищанов, Набережная көшелері,
Азаттық даңғылы 161 б, 163,169 б, 169 г, 171, 171а, 173, 179, 175, 177, 179 "а" үйлері, Бисекенов көшесі.

«Атырау Жарық» қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қасиет Бахкерейқызы