Ертең Атырауда жарық болмайды

Ертең, 4 тамызда қаланың кейбір бөлігінде жарық болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.  

«Атырау Жарық» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін осындай шара қабылданып отыр.

Атап айтсақ, сағат 09.00-17.00 аралығында – Еркінқала ауылы Есқалиев, Аманов көшелері; сағат 10.00-17.00 аралығында – Лесхоз шағынауданы Т.Әлиев көшесі; сағат 10.00-18.00 аралығында – Жұмыскер шағынауданы Ақтау, Жастар, Фрунзе, Абдрахманов көшелері мен Тәттімбет күйші, Панфилов, Четвертый өткелдері, Қызыл балық ауылы Ищанов, Набережная көшелері.

«Атырау Жарық» мекемесі қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қасиет БАХКЕРЕЙҚЫЗЫ