Ертең Атырауда орталық даңғылдың бір бөлігі жабылады

Қаладағы Азаттық  даңғылының 400 метр аралығы жаблады, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ертең, 12 шілде күні сағат 9:00 ден бастап Азаттық көшесіндегі Абай даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейінгі 400 метр аралық жабылады.

Бұл жұмыстар өңірде жолдарды қайта жаңғырту мақсатында жүзеге асып жатыр.

«Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА