19 қаңтарда қаланың кейбір бөліктерінде электр энергиясы өшіріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Атырау Жарық» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, электр желісіндегі авариялық жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында бірқатар мекенжайларда жарық уақытша сөндіріледі.
Айталық, сағат 10.00 - 13.00 аралығында «Жұлдыз-3» шағынауданы 1, 2-өткелдерінде, Сисенғалиев, Беркінов, 23-көшелерінде ; сағат 10.00-18.00 аралығында Бірлік ауылындағы Геологопоисковая көшесінде және «Жұлдыз» шағынауданындағы 6, 13, 15 көшелерде, «Мирас» шағынауданындағы Астана көшесінде және Атырау-Доссор тасжолын маңында жарық болмайды.
«Атырау Жарық» АҚ қызметкерлері уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Фото: freepik.com