Ертең «Атырау – Орал» тасжолы жөндеуге жабылады

Бұл туралы Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты, 3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы - Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады.

Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау - Индер» бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық.