Еркінқала-2 ауылында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуға таяу

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысын аралады.

Атырау қаласына қарасты Еркінқала-2 ауылында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуға таяу. Тапсырыс беруші – Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, мердігер – «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС.

Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың аяғына жоспарланып отыр.

Бұл мектеп орын тапшылығы мәселесін оңынан шешіп, Еркінқала және Еркінқала-2 тұрғындарын балаларын жақын жерде оқытуға мүмкіндік бермек.

Аймақ басшысы жұмыс  сапасына айрықша назар аударуды тапсырды.