Енді телефоннан да жұмыс табуға болады!

Enbek.kz қосымшасы арқылы телефоннан жұмыс іздеуге болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Enbek.kz қосымшасында өзіңізге қызық жұмыс табуға, оған хат жолдауға, резюмеңізді қанша рет көргенін бақылап отыруға, жұмысқа шақырса, оны көруге болады. Жұмыс іздеу – одан да оңай әрі ыңғайлы. Іздеу кезінде өзіңізге ыңғайлы тұсын сақтап қоя аласыз, ұқсас вакансиялар табылса, ескертпе жіберетін етіп қоя аласыз. Жүйе жұмысқа резюме жіберіп жатқаныңызда оның қаншалықты дұрыс толтырылғанын айтады. Қандай ақпарат қосу керегін ескертеді. Сондай-ақ қосымшада жұмыссыз ретінде тіркелу оңай: ЭЦҚ қажет емес. Бар-жоғы мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз жетеді. Солай жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз жәрдемақы ала аласыз" дейді облыстық жұмыспен қамту бағдарламасының басшысы Азамат Мәмбетов.

 Айта кетейік, аталған қосымшаны App Store мен Google Play арқылы орнатуға болады.