Енді қоқысқа Атырау қаласының әкімдігі жауап бермей ме?

Ауылдық округ басшылары енді қоқыс үшін жауапты болмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмардан білгеніміздей, биылдан бастап қалаға қарасты ауылдық округ әкімдері санитарлық тазалық жұмыстары үшін өздері жауап береді және қаражатты да өз қазынасынан бөледі.

Яғни, автожол жиегі, жаяу жүргіншілер жолы мен көгалдарды қоқыстан тазарту, көлік тұрағы мен павильондарды күтіп ұстау, қоқысты полигонға апарып төгу жұмыстары енді қала емес, ауыл басшыларына жүктеледі.

Ал, бұған дейін шаһар басшысы 2023 жылдан бастап округ бюджеті мен техникасын әкімдердің өздері басқаратынын айтқан еді.

Фото: ашық дереккөз