Авангард ықшамауданындағы «Семейный» саябағында енді көгалда отырып алып, пикник ұйымдастыруға тыйым салынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Саябақ Нұрғиса Тілендиев көшесінде орналасқан. Енді 3 мамырдан бастап көгалды аяқпен тапап, пикник өткізуге болмайды. Қалалық әкімдік осындай шешімге келіп отыр.
«Біріншіден, пикниктер қаланы көгалдандыру жұмыстарына кедергі келтіреді. Екіншіден, тұрғындар көгалды басып бүлдіреді және қалдықтарды жинамайды» дейді әкімдік өкілдері.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Atpress.kz