Елордада Атырау облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана қаласында Атырау облысы тауар өндірушілерінің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысынан 110 тонна өнім жәрмеңкеге қойылады. Оның ішінде: 15 тонна – көкөніс, 2 тонна – жеміс-жидек, 10 тонна – картоп, 15,3 тонна – ет, 2 тоннадан астам – сүт өнімдері, 44 тонна – балық, сондай-ақ 21,7 тонна өзге де өнімдер бар.

Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен.

Елорда тұрғындары өңірлік өнімдерді қолжетімді бағамен ала алады. Айта кетейік, жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама да дайындалды.