Елімізде жатыр мойны обырына қарсы тегін вакцина алуға 9 млрд теңге жұмсайды

Вакцинаны өндірушіге келетін болсақ, министрлік бұл мәселені әлі шешкен жоқ, деп хабарлайды informburo.kz.


2024 жылға адам папилломавирусына қарсы вакцина сатып алуға шамамен 9 млрд теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Сенатта өткен брифингте мәлімдеді.

Барлығы 11 жастағы 175 мың қызға вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Вакцинаны өндірушіге келетін болсақ, министрлік бұл мәселені әлі шешкен жоқ.

"Бүгінгі таңда әлемде тек төрт вакцина өндірушісі бар екенін атап өткен жөн. Олардың екеуі екі валентті вакцинаны шығарады, яғни вирустың екі түрінен қорғайды. Ал тағы бір өндіруші вакцинаның екі түрін шығарады – екі валентті және тоғыз валентті. Бүгін біз қандай вакцинаны сатып алатынымызды шешіп жатырмыз", – деді Айжан Есмағамбетова.

Фото: freepik.com