«Қамқорлық» оңалту орталығы өз жұмысын 2021 жылдың 5 қаңтарында Атырау облыстық балалар ауруханасы жанынан бастаған болатын.
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова және балалар ауруханасының басшысы Нұрғабыл Айтмұхамбетов оңалту орталығын таныстырды. Бүгінде орталықта 25 бала күндізгі бөлімде, 25 бала тәулік бойы ем қабылдауда. Оңалтудың түрлі бағыттары бойынша жұмыс істейтін орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Кейін Атырау қаласындағы ментальды ауытқулары бар балаларға арналған «Future sport» абилитациялық бейімделген спорт орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталықта балаларға мектепке даярлық тобына, бейімделген спорт пен футболға және нейрогимнастикалық жаттығулар жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі сәби асырап отырған Самал Жұмашева мен жұбайы мұндай орталықтың балаларға маңызы зор екенін айтты. Айта кетейік, орталыққа арнайы ауыл, аудандардан келетін балалар да бар. Бүгінде «Future sport» абилитациялық бейімделген спорт орталығы Атырау және Құлсары қалаларында бар.
Қоғам қайраткері Елена Тарасенко «Зейін Атырау” орталығында болып, жұмысымен танысты. Балалармен сөйлесіп, өнерлерін тамашалады. Аталған орталық ерекше балаларды дамытуға бағытталған. 2019 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Айта кетейік, «Зейін Атырау» орталығы күніне 117 бала қабылданады. Орталықта әр баламен жеке және топпен оқу және түзету-дамыту жаттығулары жүргізіледі. Одан бөлек мектепалды даярлау бөлімі бар онда оқыған балалар арнайы комиссиядан өтіп, соның нәтижесінде мектепке бару мүмкіндігіне ие бола алады. Орталықта АВА терапия, дефектолог-логопед мамандары, нейрогимнастика, сенсорлық интеграция, адаптивті спорт әдістерімен жұмыс жасайды. Қазіргі таңда “Samruk-kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды қолдау қорының қолдауымен 50 ерекше қажеттілігі бар бала 1 жыл бойына ақысыз дамытылуда.
- «Зейін Атырау” ерекше балаларды дамыту орталығын ерекше атап өткім келеді. Бұл орталық мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып отыр. Соның нәтижесінде қанша ерекше бала кәсіби мамандардан сабақ алып отыр. Кәсіпкерлердің осы бағытта жұмыс жасауы өте жақсы көрсеткіш,-деді Елена Тарасенко.
Одан әрі Қазақстан Республикасының Қоғам қайраткері Елена Тарасенко жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Атырау облысы іскер әйелдері қауымдастығы» ҚБ, жастар қанатының мүшесі, көп балалы ана Айгерім Аташева жетекшілік ететін кондитерлік цехының жұмысымен танысты.