Ел болашағына бейжай қарамайық

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Серік Қадыров референдумда дауыс беріп, тарихи оқиға жайында ойын білдірді деп хабарлайды ATPress.kz. «Ел тарихындағы елеулі оқиға - республикалық референдум өтіп жатыр. Мен де өз елімнің азаматы ретінде қаламыздағы №261 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Бір қуантарлығы,  дауыс беру басталысымен, күннің ертелігіне қарамай, саяси науқанға үн қосқалы келген азаматтардың қарасы қалың болды. Бұл атыраулықтардың болашағымызға бейжай қарамайтындығын және ел ертеңіне деген алаңдаушылығын білдірсе керек» деді Серік Қадыров.
Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сүйенсек, ел бойынша 7,1 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жалпы санының 60% - ынан асады. Оның ішінде Атырау облысынан 56,19% дауыс беруші өз таңдауын жасаған.