Экология министрі Атыраудағы өндірістік нысандарды аралады

С.Брекешов 2020-2024 жылдарға арналған облыс аумағындағы өзекті экологиялық проблемаларды шешуде «Жол картасының» орындалуын басты назарға алды. Министр жұмыс сапарын Махамбет ауданының Тандай кентіндегі өздігінен ағып жатқан мұнай ұңғымасы, Атырау қаласындағы ҚТҚ полигоны, «Грин Сити Клининг» ЖШС сұрыптау кешенінің құрылыс объектісі, жаңа кәріздік-тазарту имараты, Атырау қаласындағы «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру, Атырау қаласындағы «АМӨЗ» аралаудан бастады.

«Тухлая балка» тұндырғышының тазартылмаған ағынды сулары жер асты суларын, топырақ пен атмосфералық ауаны ластайтыны белгілі. Осы мәселені шешу үшін Министр сапар барысында Атырау қаласының сол жағалауындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған кәріздік-тазарту имаратының (КТИ) құрылысына ерекше назар аударды.

Осыған байланысты С.Брекешев Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасында көрсетілген мерзімге сәйкес «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіруді аяқтауды тапсырды.

Бұдан әрі С.Брекешев ҚТҚ жинаумен, тасымалдаумен, сұрыптаумен және қайта өңдеумен айналысатын Атырау қаласының қоқыс сұрыптау кешенінің құрылыс процесімен танысты. Нысанды 2022 жылы Жол картасында көрсетілген мерзімде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кету керек, бұл жұмыс «Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде, онда қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату экологиялық жағдайды жақсартудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Сапар қорытындысы бойынша ведомство басшысы Жол картасын уақытылы орындау бойынша, сондай-ақ жақын арада ҚР жаңа экологиялық кодексіне сәйкес катализаторлар, сүзгілер және басқа да ОҚТ орнатуды қарастыратын атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жоспарлауға тапсырма берді.