Экожобаларды жүзеге асыру үшін «Шелл Қазақстан» компаниясы 60 миллион теңге бөлді

Атырауда «EcoBatys» бастамасы аясындағы жобалар таныстырылды. Гранттық жобаларды 4 үкіметтік емес ұйымы жүзеге асырып жатыр.
Биыл сәуірден бастап Атырау, Батыс Қазастан және Маңғыстау облыстарының үкіметтік емес ұйымдары «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өңірлерді көгалдандыруға, су ресурстарын тазартуға, қалдықтарды сұрыптап жинауға, оны кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған 15 жобаны белсенді түрде жүзеге асырып отыр. Экожобаларды жүзеге асыру мақсатында «Шелл Қазақстан» компаниясы 60 миллион теңге бөлді.
Атырау облысында «EcoBatys» бойынша гранттық жобаларды «Алшы» әдеби-тарихи мәдени қоры, «Таң» қолдау және дамыту қоры, «Жастарды қолдау орталығы» және «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.
Мәселен, «Алшы» әдеби-тарихи мәдени қорының «Жасыл Атырау» жобасы өлкені көгалдандыруға және жастарды жасы желекті өсіруді үйретуге бағытталған. Бүгінде олар қаладағы «Авангард» шағынауданында 552 көшет пен 440 көпжылдық гүл отырғызды.
«Таң» қолдау және дамыту қоры қалдықтарды сұрыпта жинау және суды тиімді пайдалану жөніндегі тәжірибесімен бөлісуде. Жылдың соңына дейін 25 жаттықтырушы даярланып, экология саласында оқытушылықпен айналысуы мүмкін.
«Жастарды қолдау орталығы» ҚБ «#7 Спикер» жобасы Атырау қаласында түрлі салаларда көшбасшыларды анықтауға үлес қосады.
Ал «Құрманғазы – туған жер» ҚБ Құрманғазы ауданындағы Орлы кентіндегі мектепте шағын жылыжай салып, оқушылар көкніс өсіру, оны күту секілді дағдыларға үйренеді. Онда өсірілген өнімнің 30-40 пайызы мектеп асханасына және ауылдағы аз қамтылған отбасыларына беріледі деп жоспарланған.
«EcoBatys» бастамасы аясында қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың барлық 15 экожобасы биыл қазан айының соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.