Доссорлық әжелер сайлауға ұлттық киіммен келді

Доссорлық әжелер сайлауға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты. Ақжаулықты аналар елімізде өтіп жатқан Президент сайлауы мереке екенін атап өтті.

 «Жаңа Қазақстанды құру жолында Президент сайлауының маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік», - деді олар.

  Тамара Оразбаева және Дауымова Талшын Доссор мәдениет үйі жанындағы “Ардагерлер” ансамблінің мүшелері. Көп жылдардан бері құрылыс саласында еңбек етіп, ауданның көркеуіне еңбек сіңірген ардагерлер. Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

   Айта кетейік, Мақат ауданында 12 сайлау учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға құқығы бар 16339 азамат тіркелген.

М.Ізтұрғанова