Доссор кентіндегі №211 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Х.Аухатов көшесінің тұрғыны, 100 жастағы тыл ардагері Еркеш Жексенқалиқызының үйіне барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ғасыр жасаған әже ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауын жасады. Учаскелік комиссия мүшелері ардагердің үйіне арнайы барып, дауыс беру тәртібін ұйымдастырды.
— Қанша жаста болсақ та, еліміздің жаңа бастамасына үн қосу – әрбір азаматтың парызы, — дейді тыл ардагері Еркеш Жексенқалиқызы.
Аға буын өкілінің бұл қадамы ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болып, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнеге ретінде бағалануда.
Айта кетейік, республикалық референдум аясында денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.