Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында жол апаты болды

Бүгін республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 95 шақырым тұсында жол апаты болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, 2000 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы Chevrolet Cobalt автокөлігін игере алмай, жол жиегіне аударылып кетті.   

Соның салдарынан 23 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда. 

"Осы ретте, көлік құралын басқарушы жүргізушілерге тас жолдарда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, барынша сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз", - делінген хабарламада.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА