Доссор-Құлсары тасжолындағы жол апатынан жүргізуші қаза болды
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
1 қыркүйек күні сағат 16:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 48-шақырымы тұсында Toyotа Camry мен Lada Priora көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы және Lada Priora көлігінің бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ