Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолын су басты (+ВИДЕО)
Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103-шақырымы, тұсында яғни, Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын су тасжолды басып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осыған байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды.
"Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады. Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда. Аталған тасжолдың қозғалысына қатысты деректер әлеуметтік желідегі ресми парақшалар мен БАҚ беттерінде жарияланатынын қаперіңізге береміз!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ