Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор-Бейнеу тас жолының 147 шақырым тұсында ВАЗ Priora және Toyota Alphard маркалы автокөліктері соқтығысып, жол апаты орын алды.
Соққы салдарынан ВАЗ Priora автокөлігінің 2021 ж.т. және 1985 ж.т. жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.