Әдістемелік орталыққа жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталық директорының міндетін атқарушы қызметіне Жанболат Кукембаев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жаңа басшыны ұжымға облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова таныстырды. Жанболат Туртайұлы 1990 жылы дүниеге келген. Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің басшы қызметін атқарған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ