"Халқымыздың белгілі бір құндылықтар тізбесін жасақтап өскелең ұрпаққа таратуымыз керек” деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында.
“Қазір заманауи әлем таңғаларлық әрі алуан түрлі. Сонымен қатар бүгінгі әлем балалардың дүниетанымын қалыптастыруда белгілі бір қауіп-қатерлерге ие. Қазіргі таңда заңдылық пен тәртіп, еңбексүйгіштік пен бірлік қағидаттары көбірек айтылады. Расыменде, құндылықтарды дәріптеу - өскелең ұрпақ үшін өте маңызды.
Бұл тұрғыда біз әріптестермен шетелдік тәжірибені зерттеп көрдік. Талдау барысында ұлттық біркелікілікті қалыптастырудың мүмкіндік қағидаты, іргелі құндылықтарды ұлттық деңгейде бекіту екенін байқадық. Осылайша, батыс елдерінде нақты белгіленген құндылықтар тізімі бар.
Мысалы, британ халқында бес құндылық, олар - заңның үстемділігі, демократия, жеке бас бостандығы, өзара құрмет, төзімділік. Бұл құндылықтар мектеп бағдарламасына енгізілген және балалар кітаптарында да бейнеленген.
Сингапурдағы бес ұлттық құндылық, БАӘ-де адамгершілік төрт легі бекітілген. Біз де халқымыздың белгілі бір құндылықтар тізбесін жасақтауымыз қажет.
Бұл құндылықтарды балалардың бойына мектеп кезінен бастап сіңіру ұсынылады. Әрине, бұл бағытта тиісті ақпараттық жұмыс жүргізілуі қажет деп санаймын. Құндылықтар балалар өмірінің айырылмас темірқазығы, тура жолдан таймауға шамшырағы бола алады. Ұрпақ тәрбиесі- ел болашағы”,- деп қорытындылады Динара Закиева.
Спикердің айтуынша, ел тұрғындарының 3,1 пайызы - балалар. Балалар санының жыл сайын өсуі - мемлекеттің балаға деген тұрақты қамқорлығын көрсетеді.
" Қазіргі таңда балалық шақты қорғаудың біртұтас және терең жүйесі қалыптасты. Мысалы, “Ұлттық қор- балаларға”, Жайлы мектептер жобасы, 100 ірі қосымша білім беру ұйымының және 50 балалар демалыс орталықтарының ашылуы, сонымен қатар, әйел құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы ерекше қолдау тапты. Бұл жоба барша құқық қорғау институтын, сарапшыларды, ұлттық комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдарды біріктірді" , - деді спикер.
Нұргүл Насыр