Сәуір айының 11-нен бастап «Дина» базарына қоғамдық көліктер кіре алмайды, деп хабарлайды ATPress.kz . Бұл жайлы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Сәуір мен мамыр айының 11-і күндері аралығында “Дина” сауда үйінің автотұрағында күрделі жөндеу жұмыстары жүрмек. «Осыған байланысты аталған тұрақта тұратын нөмірі 3, 4, 5, 11, 22, 51, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 58А, 62 қоғамдық көліктері уақытша Вокзал маңындағы “Автобекет” тұрағына орналастырылатынын хабарлаймыз. Уақытша туындаған келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады» делінген хабарламада.