Дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогі өтті

Жарыс Нұрсая спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасында олимпиадалық спорт түрлерінен өткен дүбірлі додада облыс бойынша 7 аудан және қаламыздың 5 спорт мектебінің спортшылары бақ сынады. Бұл сайыстың басты мақсаты - ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттау, балалар арасындағы өзара ынтымақты арттыру және облыста олимпиадалық спорт түрлерін дамыту.

- Бүгінгі жарысқа барлық ауданның спорт мектертері мен қаламыздың 5 спорт мектебінің 300-ден астам спортшысы қатысуда. Сайыс өте тартысты өтті. Барлық спортшылар өз дәрежелеріне сай өнер көрсетті,- деді Олимпиадалық жоғары спорт мектебінің директоры Рүстем Кисметов.

Жарыстың нәтижесі бойынша 1 орынға №1 мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, 2 орынға №2 мамандырылған балалар жасөспірімдер мектебі, 3 орынға №3 мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ие болды.

Айта кетейік, аталған кубок өңірде осымен бесінші рет өткізіліп жатыр.