20 Қараша, 2022 643

«Дауыс беру – азаматтық міндетім»

 «Дауыс беру – азаматтық міндетім»

Ел өміріндегі маңызды саяси шара Атырау қаласындағы №256 сайлау учаскесінде салтанатты түрде басталды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Анар Егізбаеваның айтуынша, учаскеде 1888 сайлаушы бар. Олардың ең жасы әдеттегіше 18-де, ең қарт сайлаушының жасы – ¬75 жаста. Үйден дауыс беретіндер саны – 9 адам. 

Саяси науқанға келген алғашқы дауыс берушілердің бірі Ғалымжан Қабылхамитов «дауыс беру – ел азаматы ретінде  басты міндетім, парызым» деп есептейді. 

–Қазақстандықтар жаңадан сайланатын Президенттен үлкен үміт күтіп отыр. Мен де ел үшін, халық үшін жақсы өзгерістер болады деп күтемін, - деді ол.

 

Салтанат Актажиева