Дамбыда ойын алаңы пайдалануға берілді (+ВИДЕО)

Дамба ауылдық округінде жергілікті бюджет есебінен ашық спорт алаңы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған футбол алаңының құрылысы қазан айында басталған. Құрылысын «Invest Prom Group» мекемесі жүргізді. Алаңда балалар ойнайтын шағын архитектуралық формалар, лед жарық шамдары және бейнебақылау камераларымен қамтылып, орындықтар орнатылған.

Тәуелсіздік күніне орай табысталған ойын алаңының ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, қолданысқа берілген ашық спорт алаңын күтіп ұстау қажеттігін жеткізді. Ал, Дамбы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілекқабыл Мұратоллаұлы жаңа ойын алаңы үшін тұрғындар атынан ризашылығын білдірді.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫ ЖЕРДЕ!