ДАМБЫ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жалпы ұзындығы 8,6 шақырымды құрайтын 14 көшеге жол салу басталды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дамбы ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Жалпы ұзындығы 8,6 шақырымды құрайтын 14 көшеге жол салу басталып, қазіргі кезде жұмыс барысы қарқынды жүруде.
Шілде айының басында бастау алған тиісті жұмыстарды «Жайық Сити» мердігер мекемесі атқаруда.
Дамбы ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллиннің айтуынша, қазіргі таңда аталған округтің 13 көшесінде жаяу жүргіншілер жолы бар.