COVID-19: Атырауда қанша адам індет жұтырды?

Өткен тәулікте 44 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

   Атап айтқанда, Атырау қаласында - 30, Жылыой және Исатай аудандарында - 4, Индер -3, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарында 1 адамнан анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 37 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 15 адам емделді.

Қазір 847 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 40, аудандық инфекциялық стационарларда - 16 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.