COVID-19: Атырауда бір тәулікте 11 адам індет жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың
төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 171 адам емделді.
Қазір 935 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 10, модульдік ауруханада - 67 фтизиопульманологиялық орталықта - 7 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 15. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.