China Road and Bridge Corporation өкілдері Атырауға келді

Атырауға инфрақұрылым саласында әлемге танымал China Road and Bridge Corporation (CRBC) компаниясының өкілдері келді. Бұл – көпірлер, вокзалдар, әуежайлар мен автокөлік жолдарын салумен айналысатын халықаралық құрылыс компаниясы. Қазақстан аумағында аталмыш компанияның ресми филиалы жұмыс істеп келеді.
Атырау облысына жұмыс сапарымен келген компания өкілдері өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетімен танысып, бірқатар кездесу өткізді.
 
Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев, сондай-ақ Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров, Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов қатысты. Тараптар инфрақұрылым, өнеркәсіп және жол құрылысы бағыттарында ықтимал әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.