Былтыр Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы сомасы 815,2 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Осылайша бас-аяғы 748 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атап айтқанда:
- Газ-химия кешені (1 кезең полипропилен), «KPI Inc» ЖШС;
- Көлемді вибропрестеудің инновациялық әдісімен бетоннан жасалған қабырға және жол бұйымдары өндірісі, «Еврострой» ЖШС;
- Саз кірпіші өндірісі, «ЭлитСтройАтырау» ЖШС.
«Мемлекет басшысы Парламент қабырғасында алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек деген еді. Біз өз тарапымыздан Президент қойған міндеттер мен тапсырмаларды бұлжытпай орындау үшін бизнеске қолайлы орта қалыптастырып, оларға ынталандыру шараларын ұсыну бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермекпіз», - деді облыс әкімі С.Шәпкенов Астанада қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА